Мемлекет басшысы Жайылғанованы қабылдады
Опубликовано:
Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Президенттің кадрлық резервін" жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.
Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813393-memleket-bassysy-zajylganovany-kabyldady/