Зимбабвенің экс-президенті 95 жасында қайтыс болды
Опубликовано:
Зимбабвенің мемлекет басшысы Эммерсон Мнангагва елдің бұрынғы президенті Роберт Мугабенің 95 жасқа келіп қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мугабе азаттық қозғалысының белгісі болатын. Ол – өз өмірін халқын азат етуге және құқығын теңестіруге арнаған пан африкалық. Оның біздің ұлтымыз бен құрлығымыздың тарихына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды", – деді Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва.
Экс-президенттің отбасындағы дереккөз оның Сингапурдегі ауруханада жақындарының қасында көз жұмғанын хабарлады.
Роберт Мугабе 1987 жылы ел тізгінін қолға алып, 30 жыл Зимбабвені басқарды. Оған дейін жеті жыл премьер-министр болып қызмет атқарған.
2017 жылдың қараша айында әскери төңкеріс нәтижесінде Мугабе биліктен шеттетіліп, үйқамаққа отырғызылды.
Кейіннен ол әскерилер мен "Зимбабве африкалық ұлттық одақ – Патриоттық майдан" партиясының қысымымен отставкаға кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1814946-zimbabveni-eks-prezidenti-95-zasynda-kajtys-boldy/