Назарбаев серуен кезінде Медведевке алмасын берді (фото)
Опубликовано:
Қалпына келтірілген ВДНХ-дағы Қазақстан павильонын аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Дмитрий Медведев қазақстандық апорттан ауыз тиді. Назарбаев өз алмасын Медведевке берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павильон алдында Мәскеу қаласы күніне орай Алматы облысынан келген "сый" көрмесі орналасты. Елорда өзінің 872 жылдығын атап өтеді.

Ауылшаруашылық көрмесінде Назарбаев, Путин және Медведевті облыс әкімі Амандык Баталов қарсы алды.

Экспозициядан екі алма алып, оны Назарбаевқа және Путинге табыстады.

Баталов Ресей премьер-министріне алма алып келгенше Назарбаев өзі Медведевке өз алмасын берді.

Елбасына бірден тағы бір "апорт" табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде іс-сапармен жүр. Ол қала күнін атап өтуге, сондай-ақ ВДНХ-да Қазақстан павильонының тұсаукесеріне қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1815120-nazarbaev-seruen-kezinde-medvedevke-almasyn-berdi-foto/