Тоқаев қытайлық телеарнаға сұхбат берді (фото, видео)
Опубликовано:
11-12 қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық CCTV телеарнасына сұхбат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
Сұхбат барысында мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті.
"Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-дың 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды", – деп атап өтті Берік Уәли.
Сондай-ақ, президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.
Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1815531-tokaev-kytaj-telearnasyna-shbat-berdi-foto-video/