Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Қорғаныс министрі Өзбекстанға ресми сапармен келді

Жарияланған күні:

Сапар Ташкентте Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстанның қорғаныс ведомство басшысы Баходир Құрбанов арасындағы ресми кездесумен басталды. Келіссөз барысында тараптар әскери ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады және "Қалқан-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының белсенді фазасы өткен "Шыршық" полигонына барды.

Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі: UGC
"Өзбекстан Республикасы – өңірдегі, оның ішінде, қорғаныс саласындағы Қазақстанның негізгі серіктесі болып табылады. Жауынгерлік даярлық, кадрларды даярлау, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға қатысу сияқты салалардағы елдеріміздің Қарулы Күштері арасындағы ынтымақтастық екі тараптың да мүдделеріне сай келеді" - деді ҚР Қорғаныс министрі әріптесімен кездесу барысында.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған "Азалы ана" монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сапардың жалғасы ретінде министрлер "Шыршық" полигонына келді. Онда "Қалқан – 2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының белсенді фазасы басталды. Олардың негізгі мақсаты - бірлескен терроризмге қарсы операцияларға дайындалу мен оны өткізуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және жауынгерлік бауырластықты нығайту.

Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі: UGC

Сценарий бойынша әскери қызметшілердің басты міндеті заңсыз қарулы құралымды анықтау және жою бойынша бірлескен операцияны сәтті жүргізу болды.

Шартты қарсыласты жою үшін авиация бөлімшелерге әуеден қолдау көрсетті.

Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі: UGC

Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы Баходир Құрбанов екі ел әскери қызметшілерінің кәсіпқойлығы мен бөлімшелер іс-қимылының үйлесімділігіне жоғары баға берді.

Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі: UGC

Ағымдағы жылдың сәуір айында екі ел арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери аэродромдарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, аэродромдық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылғанын айта кеткен жөн.

Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстанның қорғаныс министрлігі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816497-kazakstanny-korganys-ministri-zbekstanga-resmi-saparmen-keldi/