Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең белсенді әкім анықталды (фото)

Опубликовано:

Елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкім анықталды. Оқырмандар таңдауы бойынша үздік әкім ретінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін KAZ.NUR.KZ ең белсенді әкімді анықтау үшін сауалнама жүргізген еді.

Жалпы, сауалнамаға 4422 адам қатысты. Оқырмандардың 30,6%, яғни 1,351-і Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа дауыс берген. Нәтижесінде ол "ең белсенді әкім" атанды.

Амандық Ғаббасұлы Баталов - 1952 жылы 22-қарашада дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.

Еңбек жолын 1975 жылы Алматы қаласындағы "Казглавселезащита жобалау-құрастыру бюросының аға инженері болып бастап, әр жылдары құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Кейін Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

2008 жылдың сәуірінен - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2014 жылдың 20 тамызынан бастап – Алматы облысының әкімі.

NUR.KZ мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Шыңғыс Мәдібек облыс басшысына тиісті дипломды табыстап, Амандық Баталовтың тек Жетісудың емес, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында NUR.KZ "Жыл дауысы 2.0" рейтингіндегі дауыс беру нәтижесінде бойынша Амандық Баталов "Жыл адамы" және "Ең белсенді әкім" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817526-kazakstandagy-e-belsendi-kim-anyktaldy/

pixel