Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нью-Йоркке аттанады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяу күндері БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барады. Іс-шара 23-25 қыркүйек аралығында өтеді деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасындағы жазбаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді, олардың 100-ге жуығы мемлекет көшбасшылары, 80-нен астам үкімет басшылары және БҰҰ-ға мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері деп жоспарлануда. Іс-шара барысында 630 кездесу өтеді деп күтілуде.

Тоқаев Бас Ассамблеяның "кедейлікті жою, сапалы білім беруді, климаттық іс-қимылдарды және жан-жақты тәсілді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру" тақырыбындағы жалпы пікірталасқа қатысады.

Бұдан бөлек, ол тұрақты даму мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен, Америка бизнесінің, трансұлттық компаниялардың, АҚШ саяси және сараптамалық топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.

"Қазақстан Президентінің БҰҰ АА-ның жоғары сегментіне қатысуы еліміздің бірқатар сыртқы саяси бастамаларын, оның ішінде таратпау және қарусыздану, бітімгершілік, терроризмге қарсы іс-қимыл салаларында ілгерілетуге бағытталған", - делінген Президент баспасөз хатшысының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818073-tokaev-nu-jorkke-attanady/

pixel