Қазақстандағы әкім орынбасары қызметін атқаратын әйелдер туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметіне сәйкес, еліміздегі әкімдіктерде 260 әйел адам қызмет етеді. Олардың 253-і-ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері. Ал жеті тұлға республикалық маңызы бар қалалар мен өңір әкімдерінің орынбасарлары болып жұмыс істейді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Ендеше, KAZ.NUR.KZ әкім орынбасары қызметіндегі нәзік жандылар жайлы ашық деректен алынған ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.
Айна Мысырәлiмова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Айна Ермекқызы 1966 жылы туған, екi жоғары бiлiмi бар. Ол Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi мен әдебиет пәнiнiң оқытушысы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн әлеуметтану бакалавры бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.Әр жылдары жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарда, Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директоры орынбасарының қызметiн, Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары, Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi, облыстық iшкi саясат басқармасы басшысының лауазымын атқарды.
2017 жылдың 19 маусымынан бастап Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары.
Айгүл Әжіғалиева, Атырау облысы әкімінің орынбасары
Айгүл Теміртасқызы 1966 жылы Атырау облысы, Дамбы селосында дүниеге келген. 1985 жылы Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын экономист, қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Облыстық қаржы бөлімінде кадр жұмысы бойынша аға инспекторы лауазымынан бастады. Кейін облыстық Қаржы басқармасында түрлі басқарушылық лауазымдарда болып,, Атырау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы директорының орынбасары, кейін басқарма басшысы жұмыс істеді.
2010 жылдың маусым айынан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
Әсем Нүсіпова, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Әсем Бекқызы 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін "Экономист. Менеджмент саласындағы маман" мамандығы бойынша аяқтаған, экономика ғылымының магистрі.
Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы ретінде бастаған. Әр жылдары "Деловая неделя" газетінің экономика бойынша шолушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы, Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сарапшысы, президент Әкімшілігінің жүйелі талдау орталығы секторының меңгерушісі, премьер-министрдің және Қаржы министрінің кеңесшісі, денсаулық сақтау вице-министрі, "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
Сұлушаш Құрманбекова, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Сұлушаш Сәтбекқызы 1963 жылы туған, білімі жоғары, 1985 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетті "тарих" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 орта кәсіби-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары №45 орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Бибігүл Қонысбаева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімінің халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист қызметінен бастаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының экономисі, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, БҚО қаржы департаментінің бөлім бастығы, БҚО қаржы басқармасының бөлім бастығы, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы болған.
Әлия Арынова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Әлия Амангелдіқызы 1976 жылы дүниеге келген. Ол С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін әлеуметтік саладағы менеджмент мамандығы бойынша, Еуразия инновациялық университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын Павлодар облысы Экономика департаментінде бас маман (1998-2003) болып бастаған. Бүгінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Малика Бектұрова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
Малика Бектұрова еңбек жолын 2002 жылы Қаржы министірлігінің жетекші маманы болып бастады.
Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып істеген. 2006 жылдан бері "Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ басшысы қызметін атқарған.
Малика Бектұрова Кентукки университетін (АҚШ), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818638-kazakstandagy-kim-orynbasary-kyzmetin-atkaratyn-jel-tlgalar-zajly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.