Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Опубликовано:
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дарқан Қанатбеков қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР ІІМ хабарлауынша, тиісті бұйрыққа министрліктің басшысы Ерлан Тұрғымбаев қол қойған.
Қанатбековты не үшін қызметінен босатқаны туралы ІІМ хабарлаған жоқ.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша орындау осы Комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.
Қанатбеков қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазанынан бастап қызмет етеді, басшылық лауазымдарда жеткілікті жұмыс өтілі бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821205-kylmystyk-atkaru-zjesi-komitetini-tragasy-kyzmetinen-ketti/