Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты (фото)
Опубликовано:
Әлеуметтік желілерде бостандықта жүрген Қуандық Бишімбаевтың суреті пайда болды. Бұл ақпаратты баспасөз қызметі растады ҚР ІІМ ҚАЖК деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуандық Бишімбаевтың суретін "Мудрый Бажа" Telegram-арнасы жариялады.
"Бишімбаевтың бостандықтағы суреті", - деп жазба қалдырылды.
Шымкент қаласының ҚАЖД баспасөз қызметінде ҚР ІІМ ҚАЖК Бишімбаевтың бүгін, 11 қазан күні бостандыққа шыққанын растады.
Ведомство мұндай шешімді сот қабылдағанын атап өтті.
Естеріңізге салсақ, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбев өткен жылы 10 жылға сотталған болатын. Оған мемлекет қаржысын жымқырып, пара алды деген айып тағылған.
Экс-министр былтыр елордадан қатаң режимдегі колонияға ауысқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821671-kuandyk-bisimbaev-bostandykka-sykty/