RU

Қуандық Бишімбаев қауіпті қылмыскерлер отыратын колонияға ауысты

Бұрынғы экономика министрін түрмеге ауыстыру кезінде оны Ұлттық гвардияның ондаған жауынгері алып шыққан. Енді Қуандық Бишімбаев жазасын Ленгір қаласында өтейтін болады. Бұл туралы "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаев
Фотоколлаж: NUR.KZ: UGC

Қамауға алынған ескі орыннан жаңасына дейінгі бір жарым мың шақырым қашықтықты экс-министр сенімді күзетпен бірге өткен.

Алдымен оны тұтқындағыларға арналған жолаушылар пойызымен, кейін арнайы жабдықталған автокөлікпен апарыпты.

Бишімбаев жазасын өтейтін жаңа орын - жемқорлармен қоса зорлықшылар және адам өлтірген қауіпті қылмыскерлер отыратын қатаң режимдегі колония екені белгілі болды.

Бұл мекеме ең қауіпсіз болып саналады, сол себепті де қашып кетуге еш мүмкіндік жоқ екен.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің айтуынша, колонияда "VIP" тұтқындар үшін ерекше жағдайлар жасалмайды.

Естеріңізге сала кетсек, экс-министр бюджеттің бір миллиард теңгесін жымқырғаны үшін айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына іліккен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747951-kuandyk-bisimbaev-kauipti-kylmyskerler-otyratyn-koloniaga-auysty/