Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің жаңа әкімі 100 күнде қандай іс атқарды

Опубликовано:

2018 жылы 19 маусымда Елбасы жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Осылайша 2200 жылдық тарихы бар шаһар еліміздегі он жетінші аймаққа айналды.

Тізгін және 100 күн
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің: Facebook

Қызметке кіріскеніне үш ай толған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһардың дамуына елеулі үлесін қосып үлгерді. Әкім келген бетте қызметін қаланың шалғай елді-мекендерін дамыту мәселесіне ден қоюдан бастады.

Бүгінде шаһардағы тапшылықтарды жою үшін республикалық бюджеттен 6,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінуде. Сонымен қатар, спорт және мәдениет нысандарына да алдағы жылы қаражат қарастырылады.

Тізгін және 100 күн
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің: Facebook

Қаланың 2018 жылы бекітілген 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстарынан тұрады.

Бағдарламада нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1%-ды құрады. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Тізгін және 100 күн
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің: Facebook

2019 жылы 35,5 млрд теңгеге 700 жұмыс орны мен 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 15 мың жұмыс орнын ашу ойда бар, ал бүгінгі күнге 11,2 мың жұмыс орны ашылды.

Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 5,6 млрд теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 1554 пәтерлі 27 тұрғын үйді халық игілігіне беру жоспарланған.

Еліміздің үшінші мегаполисінде биыл жолдарды жөндеу және бес көпір мен 91 нысан салу жоспарланған, оған 8,2 миллиард теңге бөлінді. Шымкенттіктерді тұрғын үймен – жалгерлік және несиелік қамтамасыз етеді.

Тізгін және 100 күн
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің: Facebook

Жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тұрмыстық әлеуетін жақсарта түсу мақсатында шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізу мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.

Қаланың солтүстік аймағында орналасқан «Shymkent City»-де тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған.

Тамыз айында қала әкімі әлеуметтік карта құруды тапсырды. Республиканың ірі қалаларында жұмыс істейтін бұл карта мегаполистің өзекті мәселелерін шешуге арналған.

Айтахановтың сөзінше,шаһар аумағына қосылған 41 елдімекеннің инфрақұрылымын дамыту маңызды. Бұл орайда арнайы карталардың көмегі басым.

Қала әкімі тұрғындар үшін қолайлы орта құру - биліктің басты мақсаты екенін мәлімдеді. Біріншіден, қаланы қоқыстан тазартып, шалғайдағы елдімекен тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қолға алынуда.

Шымкент қаласының әкімдігіне 2018 жылдың тоғыз айында 34 мың арыз-шағым тіркелген. Салыстырмалы түрде алсақ, биылғы жылдың 9 айында арыз-шағымдар саны 16 мыңнан аспаған.

Ерлан Айтаханов студенттермен, мектеп оқушылары және жас отбасылармен кездесу өткізіп, олардың мәселелерімен де танысты. Студеттер қала әкімінен қоғамдық көліктің жүру бағыттары және жол ақысы және қолжетімді баспана мәселелерін де қарастыруды сұрады.

Қала әкімі жыл соңына дейін Шымкентте 900 пәтер беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, Шымкентте жаңа әкімнің бастамасымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, оған Түркістан облысынан өнім әкелінеді. Ерлан Айтаханов жәрмеңкеге өзі қатысып, азық-түлік бағасын жеке қадағалайды.

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидасы бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне 5 мыңға жуық адам кеңес кұрап келеді.

Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі.

Шымкент қаласындағы қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бұдан былай диагностикалық тексеруден өту үшін онкологиялық орталықтағы «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады.

Жаңа тексеру орталығының жұмысын іске асыру үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов түрік компаниясымен келіссөз жүргізіп, екі жақты меморандумға қол қойды. Келісім аясында «ПЭТ»-ке заманауи позитронды-эмиссионды томография және циклотрон қондырғысын орнатылады. Ол бір күнде 30 адамды қабылдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1825254-symkentti-zaa-kimi-100-knde-kandaj-is-atkardy/

pixel