Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында тағы да бір елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді

Опубликовано:

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі табиғи газға қосылды.

Қызылорда қаласында тағы да бір елді-мекен көгілдір отынға қол жеткізді
Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігінің: Facebook

"ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы арқылы құны 33 млн теңге болатын инвестициялық жоба аясында, Қарауылтөбе ауылындағы 3 мыңнан аса ауыл тұрғындарының қуанышына орай 300-ге жуық үй көгілдір отынға қосылды.

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: Facebook

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісуге арнайы келіп, ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруда септігі мол айтулы жобаның сәтті жүзеге асуымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында:

"Өздеріңіз білесіздер, жыл сайынғы халық алдындағы есепті кездесуде көтеріліп жүрген ең басты мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Сіздердің сұраныстарыңыз бен талаптарыңызды орындау үшін тиісті жұмыстарды жасадық. Міне, сол жұмыстардың нәтижесінде мақсатымызға қол жеткізіп табиғи газды салтанатты түрде қосқалы тұрмыз. Бұл біріншіден ел Тәуелсіздігінің арқасында қолға алынған тың бастамалар мен мемлекет тарапынан халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың жемісі.
Осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға және бізге сенім артқан ауыл тұрғындарына ерекше алғысымызды айтамыз! Үйлеріңізге келген көгілдір отын отбасының жылуын, отанымыздың қуатын арттыра берсін!", - деді қала әкімі.
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: Facebook

Жалпы, Қызылорда қаласында қалаға қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.

Жыл сайын, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, қала тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Оның ішінде қалаға қарасты елді мекендерді газдандыру бағытында қарқынды шаралар қабылдануда.

Қызылорда қаласына қарасты 2 кент және 7 ауылдық округ болса, оның ішінде бүгінгі күнге 2 кент және 3 ауыл толық газбен қамтылған.

Атап айтқанда, 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде 5 мыңнан аса тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар, 2016 жылы Талсуат ауылдық округінде 500-ге жуық тұрғын үй және облыстық деңгейдегі маңызды 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: Facebook

2017 жылы Белкөл кенті көгілдір отынға қосылып, нәтижесінде 830 жеке тұрғын үй, 4 көпқабатты тұрғын үй және 5 әлеуметтік нысан газбен қамтылды. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд теңгеге жуық қаржы тартылған. Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызды құрады.

Қала әкімі, салтанатты шара барысында тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісіп, келер жылдың соңына дейін Ақсуат ауылдық округі табиғи газға қосылатындығын жеткізді.

Ағымдағы жылы, осы мақсатта бюджеттен бөлінген 100 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1827169-kyzylorda-kalasynda-tagy-da-bir-eldi-meken-kgildir-otynga-kol-zetkizdi/

pixel