Мюнхен конференциясының төрағасы Тоқаевты беделді жиынға шақырды
Опубликовано:
Берлинде ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Германия басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталып, Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде айтты.
Вольфганг Ишингер келесі жылы өтетін кезекті Мюнхен конференциясына дайындық барысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан Президентін аталған беделді жиынға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға 5-6 желтоқсан күндері мемелекеттік іс-сапары болатыны хабарланды.
Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті. Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан басшысы мен Германия канцлері келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830765-munhen-konferenciasyny-tragasy-tokaevty-bedeldi-ziynga-sakyrdy/