Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев, Тоқаев, Путин және Медведев бейнеленген картина сатылымға шықты

Опубликовано:

президент
Фото: Nege.kz: Instagram

Ғаламтор бетінде Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Дмитрий Медведев бейнеленген картина сатылымға шықты. Ресейлік суретшінің қолынан шыққан, авторлық құқығы Қазақстан азаматыны тиесілі туынды 1 миллион теңгеге бағаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Картинаның астында қысқаша ақпарат берілген.

"Қазақстан мен Ресейдің қазіргі және бұрынғы басшылары бейнеленген ерекше картина. Картинада әлем тарихындағы ең үлкен төрт оқиға, 1851, 1908, 2008 және 2019 жылдардағы оқиғалар көрсетілген. Картина авторлық құқықпен қорғалған және Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген. Сурет кенепке майлы бояумен багет түрінде салынған, қорғаныш лакпен өңделген. Кескіндеменің өлшемі 100 см, 80 см, кескіндеме туралы қысқаша ақпарат бар, ол сатып алғаннан кейін ұсынылады", - делінген мәтінде.
Фото: Nege.kz
Фото: Nege.kz: Instagram

Басылым мәліметінше, туынды иесі, идея авторы қазақстандық дизайнер Әрсен Сексенбаев.

Айта кетейік, 2019 жылы Әрсеннің эскизі NASA байқауында үздік деп танылып, отандық дизайнерге АҚШ-тан келісім шартқа отыруға ұсыныс түскен.

Оның қобыз, домбыра сияқты ұлттық саз аспаптарын да жасайтын өнері бар.

Автордың айтуынша, "Шахмат ойыны" деп аталатын бұл картина әлем тарихындағы төрт ұлы оқиғаны бейнелейді.

Мәселен бірінде 1908 жылы Пролетариаттың жетекшісі Ленин алғаш рет көпшілік алдында революционер Богдановтан жеңілген екен.

Шахмат тақтасындағы фигуралардың орналасуы 1851 жылы Лондонда өткен әйгілі гроссмейстер Лионель Кизерицкий мен неміс шахматшысы Андерсон ойынындағы сәтті бейнелейді. Осы ойында Кизерицкий әлемнің ең мықты гроссмейстері атағынан айрылып қалса керек. Әйгілі төрт ойынның белгілерін "бойына сіңірген" картинада да төрт тұлға бар. Бұл – шахмат ойыны мен саяси оқиғалардың ұқсастығынан хабар беретін секілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің портреті аукционда 31 млн теңгеге сатылғаны жайлы хабар тарады. Бұған қатысты облыс әкімдік пікір білдіріп, портреттің 700 мың теңгеге сатылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1834877-nazarbaev-tokaev-putin-medvedev-bejnelengen-kartina-satylymga-sykty/

pixel