Атышулы жемқорлық дауынан соң Асланбек Жақыпов немен айналысып жүр
Жарияланған күні:
Өткен жылы сыбайлас жемқорлық үшін айыпты болған Ұлттық экономика министрлігінің шенеунігі Асланбек Жақыповтың ісінде жаңа бетбұрыс пайда болды. Жақыпов мемлекеттік қызметке қайта оралып, жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері жазаға тартылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл атышулы іс өткен жылдың сәуір айында басталған. Сол кезде Ұлттық экономика министрлігінде департамент директоры болған 31 жастағы мемқызметкер Асланбек Жақыпов жемқорлық қылмыс жасаған деп айыпталған.
Осыдан бір айдан кейін "Лауазымды тұлға жасаған алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған.
Сол кезде министр Руслан Даленов Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енген соң отставқаға кетуге дайын екенін жеткізген.
Алайда екі ай өткеннен кейін Жақыпов аппеляциялық шағым түсірді. Жақыпов өз жауаптарынан бас тартып, "жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінен қысым көргенін" мәлімдеген болатын. Ол өзіне жала жапқанын айтты. Осыдан соң Жақыповқа қатысты сот үкімі күшін жойып, іс Бас прокуратураға тексеріске жіберілген.
Содан бері 31 жастағы шенеунік жайында ешқандай жаңалық шыққан жоқ.
Дегенмен "Время" газетінің тілшілері Жақыповқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын, одан бөлек оның министрліктегі бұрынғы қызметіне қайта отыруы мүмкін екенін анықтаған.
Ал Бас прокуратура журналистерге Жақыповтың ісі "Алаяқтық" бабына ауысқан, осыдан кейін екі тарап татуласып, соның негізінде іс жабылған.
Яғни құқық қорғау органдары Жақыповқа ешқандай айып тақпайды.
Асланбек Жақыпов бұрынғы қызметіне қайта орала алады ма деген басылым сауалына қазір бұл мәселенің шешіліп жатқанын айтып, жауап берген.
Одан бөлек, басылымның жазуынша, басылымның жазуынша, жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. Бас прокуратура жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің Жақыповқа "рұқсат етілмеген тергеу әдістерін" қолданғанын жоққа шығармаған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Басылым тілшілері Асланбек Жақыповтың өзімен де хабарласып, оның қазір немен айналысып жүргенін білген.
Ол қылмыстық істің тоқтатылуына қатысты әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізген. Шенеунік министрлікке қайта оралуға қатысты нақты ештеңе айтпай, қазір отбасылық себептерге байланысты ақысыз демалыста екенін хабарлаған.
"Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен ғана материалды пайдаланып, көшіруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1835853-atysuly-zemkorlyk-dauynan-so-aslanbek-zakypov-nemen-ajnalysyp-zr/