Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада президенттік кадр резервіне алынған 300 жаспен кездесті (фото)

Опубликовано:

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен президенттік кадр резервіне өткен қазақстандықтар Ақордаға жиналды. Президент олармен өз резиденциясында жеке кездесу өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ақорданың салтанатты залы бүгін қонаққа лық толы. Тоқаевпен кездесуге кадрлық резервтегі барлық адамдар келген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Әрқайсысы үшін арнайы орын алдын-ала қарастырылған. Әрбір орындықта резервтегі азаматтың аты-жөні жазылған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Залдағылар үлкен толқыныста отыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ақорданың талабы бойынша, мұнда кірмес бұрын келген барлық қонақтар смартфондарын кіреберіске қалдырады. Ұялы телефон тек БАҚ өкілдеріне ғана рұқсат етілген. Сол себепті залда селфи жасап отырғандарды көру мүмкін емес.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қатысушылардың киім үлгілері қарапайым. Барлығы костюм мен ақ жейде киген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жастар Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты залда күтіп отырған кезде бірінші қабатта президентпен суретке түсу үшін арнайы орын дайындалып жатты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тоқаев кездесуді белгіленген уақыттан 5 минутқа ерте бастады. Мемлекет басшысы залға кірген сәтте қатысушылар қол шапалақтап, қарсы алған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тоқаев резервтегілерді құттықтап, оларды Ақордада не үшін жинағанын түсіндірді.

"Еліміздің өзекті мәселелері туралы ойларыңызды білу үшін мен сіздерді Ақордаға шақырдым. Пайдалы пікіралмасу болады деген үміттемін", - деді президент.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Еске сала кетсек, президенттің кадрлық резервіне жалпықазақстандық іріктеу аяқталған болатын. Ұлттық комиссияның шешімі бойынша бұл тізімге 300 қазақстандық енген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836191-tokaev-akordada-prezidenttik-kadr-rezervine-alyngan-300-zaspen-kezdesude-foto/

pixel