Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін таңдады

Опубликовано:

Өзбекстан парламенті елдегі премьер-министр лауазымына Абдолла Ариповтың кандидатурасын бекітті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абдолла Арипов. Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Абдолла Арипов. Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі: Depositphotos

21 қаңтарда заң шығарушы палата мен Олий мәжілісі сенатының бірлескен отырысында Өзбекстан мемлекетінің президенті Шавкат Мирзиеев Олий мәжіліске елдің премьер-министрі қызметіне Абдулла Ариповтың кандидатурасын қарастыруды ұсынған.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Ариповтың кандидатурасына заң шығарушы палатаның 148 депутаты дауыс беріп, біреуі – бейтарап, 1 – қалыс қалған.

Сенаторлардың ішінде 94-і Абдолла Ариповты қолдаса, үшеуі қалыс қалған.

Осылайша Абдолла Арипов елдің премьер-министрі тізгінін қайта қолға алды. Енді жаңа үкімет Ариповтың басшылығымен қызметін қайта жалғастырады.

Айта кетейік, бұған дейін Абдолла Арипов Өзбекстан үкіметін 2016 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін басқарады. 20 қаңтарда Арипов бастаған ведмоство отставкаға кеткен еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дмитрий Медведев басшылық еткен Ресей үкіметінің отставкаға кеткенін хабарлаған болатынбыз.

16 қаңтарда ел президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин мемлекеттің жаңа прьемер-министрі болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837190-zbekstan-parlamenti-eldi-zaa-premer-ministrin-tadady/

pixel