Шавкат Мирзиеев: Біз Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болмаймыз

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Шавкат Мирзиеев өз елінің аталмыш ұйымға мұлдем мүше болмайтынын кесіп айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Фото: centralasia.news
Фото: centralasia.news: Depositphotos
"Көптеген отандастырымыз шет елдерде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде жұмыс істеп жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіздер. Өзбекстан ешкімге өз тәуелсіздігін беріп қоймайды. Оған жол жоқ. Тәуелсіздік өзбек халқы таңдаған президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз", - дейді Шавкат Мирзиеев.

Десе де, Мирзиеев Еуразиялық экономикалық одақпен байланыс орнату мүмкіндігін жоққа шығармады. Бірақ мүше емес, бақылаушы ретінде ғана.

Бұған дейін Өзбекстанның одаққа мүшелікке өтуі туралы болжам бойынша түрлі пікір айтылған болатын.

Ал Ресей федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко өткен жылдың қазанында Өзбекстанға барған сапарында бұл елдің ұйымға кіруі туралы шешімнің іс жүзінде қабылданып қойғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бүгін Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін бекітті.

Бұл лауазымға елдің бұған дейін үкімет басшысы болған Абдолла Арипов лайық деп танылған.

Енді жаңа үкімет Ариповтың басшылығымен қызметін қайта жалғастырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837192-savkat-mirzieev-biz-eurazialyk-ekonomikalyk-odakty-msesi-bolmajmyz/