jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев тағы да қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы айтты

    : Original

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазір Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысуда. Министрлер кабинетінің отырысында ол премьер-министрдің орынбасарынан Қазақстандағы шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын сұрады. Президент теңсіздікке жол бермеу керектігін баса айтты деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Кездесу барысында президент қазақстандықтар мен шетелдік мамандардың жалақы теңсіздігі мәселесін қозғады. Ол вице-премьер Бердібек Сапарбаевтан теңсіздікті болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сұрады.

    "Бізде шетелдік жұмысшылары бар 2000 астам кәсіпорын бар. Қазақстандық жұмыскерлердің үлесі 90%. Сіздің тапсырмаңызбен Бас прокуратура жергілікті органдармен бірлесе отырып, 96 кәсіпорынға тексеріс жүргізді, заң бұзушылықтар анықталды", - деді Сапарбаев.
    Бас прокуратурамен бірге 500-ден астам шетелдік азамат шығарылды", - деп мәлімдеді Сапарбаев.

    Ол Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың саны 100 мың адамнан 29 мың адамға дейін азайғанын атап өтті. Үкімет мәжіліске кәсіпорындарға арналған мемлекеттік актілерге теңдікті қамтамасыз ететін түзету енгізу туралы ұсыныс енгізген.

    "Біз шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындармен бірге жұмыс істейміз. Біз оларға қазақстандықтарды үйрету туралы шарт қоямыз", - деді Сапарбаев.

    Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

    Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Тоқаев тағы да қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.