Тоқаев: Таразда болған оқиға – нағыз масқара
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшыларына мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан президенті үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
"Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шараларды қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады", - деді Тоқаев.
Ол өңір басшыларына осы жылы 100 пайыздық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камерасын орнату жұмысын аяқтауды тапсырды.
"Таразда болған оқиға – нағыз масқара", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.
Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарынан Қазақстандағы шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын сұрады. Президент теңсіздікке жол бермеу керектігін баса айтты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837704-tokaev-tarazda-bolgan-okiga---nagyz-maskara/