Президент әкімшілігі жанынан жаңа орталық құрылды
Опубликовано:
Президент әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын.
Орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Тимур Сүлейменов басшылық етеді.
Президенттің баспасөз хатшысы хабарлағандай, орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.
Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.
Еске сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалауды тапсырған болатын.
Ол мемлекеттік қызметкерлердің менталитеті мен жұмыс стилі нәтижеге бағытталған болуы керектігін, үнемі хат алмасуға негізделмеуі қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ президент бұған дейін үкіметке бюджет шығынын, атап айтқанда, имидж құру іс-шараларының шығындарын оңтайландыру туралы нұсқау бергенін атап өтті.
Ол одан әрі қажетсіз шығындарға мораторий енгізуді ұсынды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839703-prezident-kimsiligi-zanynan-zaa-ortalyk-kryldy/