Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы екі министрдің орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Үкіметтің қаулысымен Жанат Жахметова энергетика вице-министрі, Динара Щеглова индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Instagram

Үкіметтің 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Instagram

Үкіметтің 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Щеглова Динара Ринатқызы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. 2004 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "менеджмент" мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары Ақпарат және байланыс агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

Түрлі жылдары коммерциялық салаларда еңбек етті. 

2011 жылдан бастап "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-ында Инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері қызметінде істей бастады, кейіннен Сервистік ақпараттандыру моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды, кейіннен холдингтің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып еңбек етті. 

2019 жылдан қазірге дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. 

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы істер вице-министрін тағайындағанын жазған болатынбыз.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Facebook

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839711-kazakstandagy-birkatar-ministrdi-orynbasarlary-tagajyndaldy/