Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді
Жарияланған күні:
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Оның тарапынан бұндай өтініш осымен үшінші рет беріліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Мұхтар Жәкішевтің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.
2019 жылғы 24 шілдеде Семей соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қабылдамаған болатын.
Сондай-ақ 10 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші тағы да қабылданбағаны хабарланған.
Оның қорғаушысы шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан Семей қалалық сотының шешімін өзгерту туралы өтініш берген болатын.
Істі тыңдау бірнеше рет кейінге қалдырылды, ал 10-шы қыркүйек күні кешке дейін созылған.
Мұхтар Жәкішевтің сотқа қашықтықтан қатысуына мүмкіндік болмаған. Осыған орай, сот процесінде видеоконференция байланысына қатысты дау туындаған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840813-mhtar-zkisev-sinsi-ret-merziminen-bryn-bosatu-turaly-tinis-berdi/