jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы көк түтіннен құтылу жолдары бар ма: әкім жауап берді

    : Original

    Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есепті кездесуі барысында оңтүстік астанадағы көк түтіннен құтылу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original
    "Біз бұл тақырыпты талай рет айттық. Осы қызметіме жайғасқан соң, әріптестерімнен материалдар сұрадым. Олар маған сауалнаманың нәтижелерін берді.

    Онда бірінші абзацта көрсетілгендей, тұрғындардың 65-67 пайызын экология және қоғамдық көлік мәселесіне алаңдатады екен.

    Екінші жұмыс күнімде мен ЖЭС-2-ге барып, қазандықтардың қалай жұмыс істейтінін көрдім. Жағдайды білетіндер, қазандықтардың жердің бетінде тұратындығынан хабардар. Осы орайда жердің астына оның орнына газ түсірсе қалай болады деген сұрақ туындайды.

    Біз "Самұрық-Қазына" және "Самұрық-Энерго" компаниясымен келіссөздер жүргізе бастағанда, мәселенің 2017 жылы көтеріліп, Елбасыға ЖЭС-2-ні газға ауыстыру туралы бұйрық дайындалғанын білдік.

    Бұл тақырыпты зерттей келе, жұмыстың не себепті жүргізілмегенін бақылауға алдық.

    Қараша айында олар конкурс өткізіп, мердігерді анықтады. Наурыз-сәуір айларында олар алдын-ала мәліметтерді тапсырады деп келісімге келдік.

    ЖЭС көмірден газға ауыстыру тарифке әсер етеді. Осы жұмыспен айналысқан сарапшылар "халық бұл қызметтің қымбаттауына дайын ба?" деген сұрақ қойды. Олар оған басын ауыртпасын. Мен айтқанымдай, 2012 жылдан бастап автобус маршруттарын субсидиялап келеміз.

    Әр тұрғын 80 теңгемен қаланың кез келген нүктесіне бару үшін. Егер керек болса, бюджет бұған да барады. Ең алдымен мұны қалай жүзеге асырамыз, біз соны ойлауымыз керек. Жаңа ЖЭС салына ма, жоқ ескісі газға ауыса ма осы мәселені анықтап алуымыз керек", - деді әкім.

    Қала әкімі әкімдікте іскерлік кеңес құрылғанын хабарлады. Бұл кеңестің ішіндегі экологиялық комитет осы сұрақтармен тікелей айналысатын болады.

    "Автоөкөліктерге келсек, кезінде осы бағытта стратегия қабылданды. Қазір бұл салаға Мәскеуден мамандар тартып жатырмыз. Қала көшелерін қалай жеңілдетуге болады? Қытайдағыдай жұп және тақ санды нөмірлерге арнайы күн белгілейміз бе? Әлде Лондонның орталығы сияқты қымбат қыламыз ба? Осының бәрін талқылаудан соң бір тоқтамға келеміз", - деді әкім.

    Қала басшысы ауаның ластығын бақылайтын тәуелсіз мониторинг тобы құрылатынын айтты.

    Еске сала кетсек, өткен демалыста Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қар құрсауындағы көшелер қалай тазаланып жатқанын тексерді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алматыдағы көк түтіннен құтылу жолдары бар ма: әкім жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.