Тоқаев Түркі Кеңесі президенттерінің кезектен тыс бейнесаммитіне қатысады
Жарияланған күні:
Ертең, яғни сәуірдің 10-ы күні Түркі Кеңесінің мемлекет басшылары "COVID-19" пандемиясына қарсы күреске арналған бейнеконференция өткізеді. Аталған бейнежиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасында жазуынша, бейнежиын Түркі Кеңесінің қазіргі төрағасы, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен шақырылған.
Саммитке Қырғыз республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Түрік республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоған, Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан және Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.
Бейнеконференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус та болады.
Саммитте мемлекет басшылары коронавирус індетіне қарсы күреске ұлттық деңгейде қабылданған шаралар, денсаулық сақтау саласында көпжақты ынтымақтастықты дамыту және өңірде "COVID-19" індетінің өршуін туындатқан ортақ мәселелерді шешу туралы пікір алмасады.
Сондай-ақ, олар коронавирустың ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін жою жолдарын талқылап, дағдарыс уақытында және пандемиядан кейінгі кезеңде сауда экономикалық қатынастарды жалғастыру және кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін болашақта бірлескен күш-жігер мен ортақ шараларды қабылдау мәселелері төңірегінде пікір алмасады.
Саммит соңында мемлекет басшылары бірлескен Декларациясын қабылдайды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1849980-tokaev-trki-keesi-prezidentterini-kezekten-tys-bejnesammitine-katysady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.