Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Ауыртпалықтар талай болған, бірақ осы жолғы қиындықтың орны бөлек

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Елбасы: Ауыртпалықтар талай болған, бірақ осы жолғы қиындықтың орны бөлек
Фото: Елбасының ресми сайты: Twitter

Қазақстанның Тұңғыш президенті жаһандық қауіп-қатерлер төңірегіндегі жағдай алаңдатарлық сценарий бойынша дамып жатқанын атап өтті.

"Коронавирустың салдары әлемдік экономиканың маңызды жүйелеріне әсер етуде. Халықаралық валюта қорының сарапшылары қазіргі «Жаһандық карантинді» өткен ғасырда болған Ұлы депрессиямен салыстыруда.

Олардың пікірінше, жан басына шаққандағы табыс көлемі 170 елде төмендейді. Экономикасы әлсіз елдер көбірек зардап шегетін болады.

Сарапшылар осы тоқсанда пандемия мен экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі қатар келеді деген болжам жасап отыр.

Өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төмен деңгейге жетуі мүмкін", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада әлемнің барлық мемлекеттері бұдан да ауыр сынақтарға тап болатынын және оның бәрі Қазақстанды да айналып өтпейтінін айтты.

"20 сәуірде мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп кетті. Әлемдік нарықтардың теңгерімі бұзылды. Пандемияның соңы және өндірістің жаппай құлдырауы жаһандық қаржы дағдарысына ұласады деген де болжам бар. Келесі кезең – әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуі ықтимал", - деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы күрделі кезеңді табысты еңсеруде қазірден бастап қолға алынған іс-шаралар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Мемлекет басшысы мен мремьер-министр дағдарысқа қарсы қажетті барлық шешім қабылдады. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді.

Мен барлық азаматтарды төтенше жағдай кезінде тиісті талаптарды орындауға шақырамын.

Тарихымызда мұндай ауыртпалықтар талай рет болған. Бірақ осы жолғы қиындықтың орны бөлек. Әрбір қазақстандық мемлекеттің қамқорлығын сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.

Сонымен қатар қазір біз алдын-ала қамдануымыз керек. Әлемнің бұрынғыдай болмасы анық, - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1852820-elbasy-auyrtpalyktar-talaj-bolgan-birak-osy-zolgy-kiyndykty-orny-blek/

pixel