Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозит бойынша максималды пайыздық мөлшерлемені қалай алуға болады?

Опубликовано:

Сәуір айының басында ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған байланысты, ҚДКҚ депозиттер бойынша берілетін максималды сыйақы мөлшерлемелерін төмендетті. Өзгерістер 2020 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енбек.

Депозит бойынша максималды пайыздық мөлшерлемені қалай алуға болады?

Осылайша, мерзімсіз депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлеме 12%-ға тең болмақ. Ақша салу құқы берілетін жинақтаушы депозиттердің максималды сыйақы мөлшерлемесі қазіргі 13,4% пайыздан 13,0%-ге дейін төмендетіледі, ал ақша салу құқы берілмейтін жинақтаушы депозиттер бойынша аталған сыйақы көлемі 15,5%-тен до 14,8%-ге дейін төмендейді.

Алайда «Хоум Кредит банкі» жылдық сыйақы мөлшерлемесі 15,5%-ға дейінгі депозиттер бойынша максималды пайыздық мөлшерлемені тәсілімен бөлісті.

«Қиын түгі де жоқ. Ең тиімді пайыздық мөлшерлемені алудың жолы - біздің банктен депозит ашып үлгеру!", - дейді «Хоум Кредит банкінің» маркетинг департаменті стратегиялық даму басқармасының басшысы Гизат Заиров.

Айта кетейін жайт, бұған дейін «Хоум Кредит банкі» 12,5%-дық мерзімсіз депозиттер бойынша ең тиімді пайыздық мөлшерлемені бірінші болып ұсынған болатын. Қазіргі уақытта банк өз клиенттеріне жылдық сыйақы мөлшерлеме көлемі 15,5%-ға дейінгі максималды пайдалы мөлшерлемесі бар сан алуан депозиттік топтама ұсынып отыр.

Қазақстандықтар өз қажеттілігі мен жеке мақсаттарына анағұрлым сай келетін депозитті банк сайтынан немесе Home Credit Bank Kazakhstan мобилді қосымшасынан таңдай алады. Ең бастысы, депозит ашу үшін қазақстандықтарға өзі мен отбасын қатерге тігіп, қауіпсіздік шараларын сақтамай, үйден шығып, банкке барудың қажеті жоқ. Бұл үшін сайт арқылы немесе қосымша арқылы онлайн түрде өтініш беру жеткілікті болады.

«Қазіргі карантин жағдайында көпшілігіміз киноға, мейрамханаларға, сұлулық салондары сияқты орындарға жұмсайтын артық шығыннан бас тартып жатырмыз. Сондықтан, қазақстандықтарға артық қаражатты «жастық» астына емес, біздің банкте сақтауға кеңес береміз. 30 сәуірге дейін депозитті 15,5%-дық максималды пайыздық мөлшерлемемен ашуға болады, ал мұның болашақтағы пайдасы өте зор болмақ», - дейді қаржы институтының мамандары.

Айта кету керек, егер сіздің Хоум Кредит банкінде әрекеттегі депозитіңіз болса, оны жаңа тиімді жағдайда қайта ашуға мүмкіндігіңіз бар. Депозиттер, пайыздық мөлшерлемелер мен ұсыныстар туралы, сонымен бірге, үйден шықпай депозит ашудың жолдарын банктің ресми сайтынан немесе мобильді қосымшадан біле аласыздар.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1853119-depozit-bojynsa-maksimaldy-pajyzdyk-mlserlemeni-kalaj-aluga-bolady/

pixel