Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Назарбаева. Фото: senate.parlam.kz
Дариға Назарбаева. Фото: senate.parlam.kz: Depositphotos
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева 2016 жылы 13 қыркүйектен парламент сенатының депутаты, ал 2019 жылы 20 наурыздан бастап төрағасы болды.

Ал өткен жылы қыркүйекте парламент сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

Сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Дариға Назарбаеваның кандидатурасын өзі ұсынған болатын. Жасырын дауыс беру нәтижесінде жоғарғы палатаның жиынына қатысқан 48 депутаттың барлығы Дариға Назарбаеваны қолдап, дауыс берген еді.

Еске сала кетейік, Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультеті мен С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің бітірген. М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты,

Әр жылдары "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының вице-президенті, "Хабар" агенттігінің директоры, бас директоры, президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті, Тұңғыш президент қорының директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, парламент мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, мәжіліс төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі, премьер-министрдің орынбасары болған.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерін меңгерген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854034-dariga-nazarbaevany-kilettigi-toktatyldy/