Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдыруға ниетті

Опубликовано:

Үкімет Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министр Асқар Маминнің депутаттық сауалға берген ресми жауабына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: primeminister.kz
Көрнекі фото: primeminister.kz: Facebook

Еске сала кетсек, сәуір айында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары үкімет басшысына жаңа экономикалық бағыт пен терең, түбегейлі реформаларды әзірлеу бойынша ел президентінің тапсырмасына қатысты сауал жолдаған болатын. Халық қалаулылары экономиканы құтқарудың ұлттық жоспарын әзірлеу керектігін мәлімдеп, оны дамыту бойынша өз нұсқаларын ұсынды.

NUR.KZ редакциясы төменде премьер-министрдің мәжіліс депутаттарына жолдаған ресми жауабын ұсынады.

Сіздердің жаңа экономикалық бағыт пен терең, түбегейлі реформаларды әзірлеуге қатысты сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ел экономикасының «Жаңа экономикалық бағыт» реформаларын жүргізу бойынша орта мерзімді жоспарды әзірлеу бойынша жұмысты бастады.

Ұсыныстарды әзірлеу үшін Жұмыс тобы құрылды (Премьер-Министрдің 2020 жылғы 18 ақпандағы №34-ө өкімі), ал министрліктер жанынан экономиканы дамытудың негізгі бағыттары бойынша салалық кіші Жұмыс топтары құрылды.

Кіші жұмыс топтарының құрамына сараптамалық қауымдастық, «Атамекен» ҰКП, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді.

Кіші жұмыс топтары өз бағыттары бойынша түрлі ұсыныстарды әзірледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы наурыз айының басында дайындалған ұсыныстар пакеті өз өзектілігін жоғалтты, өйткені коронавирус пандемиясына, мұнай мен металл бағасының төмендеуіне, сондай-ақ тауарларды жеткізудің жаһандық тізбегінің үзілуіне, сауда мен инвестициялардың қысқаруына байланысты туындаған ел экономикасының алдында тұрған жаңа сын-қатерлерге жауап бермейді.

Сонымен қатар, елімізде жарияланған төтенше жағдайға және бірқатар қалаларда, оның ішінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимінің енгізілуіне байланысты Жұмыс тобының, сондай-ақ барлық кіші топтардың қызметі уақытша тоқтатылды.

Әлемдік экономикада болып жатқан дағдарысты ескере отырып, ел 2 экономикасының реформаларын жүргізу жөніндегі орта мерзімді жоспардың жобасын сапалы әзірлеу үшін қосымша уақыт қажет.

Үкімет экономика дамуының түрлі сценарийлерін қарастыруда және қаржы нарықтарын, қосылған құнның жаһандық тізбектерін және сыртқы сауданың басқа да құрауыштарын жедел қалпына келтіру жөніндегі барлық мүмкін болатын шараларды пысықтап жатыр.

Елдің экономикалық даму векторын экспорттық-шикізаттық экспансия стратегиясынан қосылған құны жоғары және терең қайта өңделетін шикізаттық емес стратегияға ауыстыру жөніндегі жүргізіліп жатқан саясат жалғасатын болады.

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті нақты секторды, қызмет көрсету саласының перспективалы салаларын дамытуға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың 7 негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады:

- экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру және қолда бар шикізат базасы негізінде жаңа бөліністерді дамыту;

- Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуы;

- қосылған құн тізбегін қалыптастыруда жаңа трендтерді ескере отырып, инвестицияларды тарту;

- өндірістік үдерістерді аймақтандыру;

- халықаралық сауда процестеріндегі ауқымды өзгерістер жағдайында экспорттық әлеуетті белсенді арттыру;

- Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жедел енгізу: цифрландыру, роботизация, жасанды интеллект;

- импорт алмастыруды ынталандыруға және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған салық-бюджет саясаты.

Түйінді көрсеткіштерді, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін, квазимемлекеттік сектор қызметін талдау, экономиканы және экспортты әртараптандыру, ауылдағы кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу, отандық өнімдер мен тауарларға тұтынушылық сұранысты ынталандыруды қайта бағалау бойынша Сіз ұсынған тәсілдер жаңа экономикалық шындық жағдайында экономиканы орнықты дамыту жөніндегі қалыптасқан жаңа шаралар пакеті шеңберінде қаралатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы бөлінетін 5,9 трлн теңгенің қалай жұмсалатынын түсіндіріп берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1855346-kimet-kazakstandy-lemdik-azyk-tlik-habyna-ajnaldyruga-nietti/

pixel