Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Премьер-министр жарты жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысының тиімділігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатынын атап өтті.

Ол өңірлердің экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, отандық өндірісті барынша қолдау, инвестициялар тарту, экспортты ілгерілету, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін барлық шараларды белсенді түрде қабылдау қажеттігін жеткізді.

"Қазіргі жағдайларда бюджет қаражатын тиімді жұмсау қажет. Әр теңгені экономикаға салған жөн", – деді Мамин.

Оның айтуынша, осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өскен. Сонымен қатар, мамыр айында биылғы сәуір айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32%-ға артты. Оған қоса негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемінің өсімі 25,7%-ды құрады.

"Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау мақсатында қабылданған шұғыл шаралар және биыл жыл соңына дейін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру ықпал етуі керек", - деді үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1859524-tokaev-kimetti-keejtilgen-otyrysyn-tkizedi/