Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. Іс-шара бейнеконференция режимінде ұйымдастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отырыста үкімет елдің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп береді.
Сондай-ақ, коронавируспен күрес шаралары, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын орындау және алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланады.
Бүгінгі жиынның жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуді ұсынамын:
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндама жасайды.
Ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндайды.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой баяндайды.
Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін.
Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі.
Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталыңыздар."
Президент күн тәртібін жариялады
"Бүгін біз коронавирусқа қарсы шараларға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарастырып жатырмыз.
Ел экономикасы 1,8%-ға төмендеді. Қызмет көрсету саласы айтарлықтай төмендеуде (5,6%).
Біз халық пен бизнесті қолдау үшін өте маңызды шаралар қабылдадық.
Менің тапсырмам бойынша экономикалық өсудің кешенді жоспары қабылданды.
Бүгін біз үкімет пен әкімдердің экономикалық өсу және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шараларын талқылаймыз.