Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шағын несиенің шарапатын көргендер

Опубликовано:

Шағын несиенің шарапатын көргендер
Фото: ФФПСХ

Бүгінгі таңда жеңілдетілген несие алып, кәсіппен айналысып жатқан ауылдықтардың қатары күн сайын артып келеді. Бұл – мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін шағын несиенің шарапаты. Әсіресе, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ұсынатын несиенің ұтымды тұстары көп.

Қордың Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалынан бірнеше рет несие алып, бизнесін кеңейткен Бақыт Сейілова Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тұрады. Бүгінде қанында бар шеберлік сүйікті ісін кәсібіне айналдыруға жетеледі.

Бақыт алғашқы несиесіне кәсіби тігін машинасын сатып алады. Кейін Қордан тағы да үш рет несие алып, тігін машинасының санын төртке жеткізеді. Биылғы жылы жаңадан екі қабатты ғимарат салып, тігін шеберханасы мен дүкенді іске қосқан. Алдағы уақытта тігінге қатысты тағы басқа да қызмет түрлерін іске қоспақ. Қазір елдегі жағдайға байланысты жаппай сұранысқа ие қорғаныш маскасын тігіп жатыр. Өнімдері облыс көлемінде сатылуда.

Шағын несиенің шарапатын көргендер
Фото: ФФПСХ

Кәсіпкер 2010 жылдан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалар арқылы Қордан алған несиелерімен бизнесін кеңейткен. Қазіргі уақытта 6 адамға жұмыс беріп отыр.

«Қазір еңбек етемін деген адамға мемлекет қолдау көрсетеді. Оны тиімді пайдалану керек. Қордан несие алғанның арқасында тігін цехімді кеңейттім, айналым капиталымды толықтырдым. Жұмысым ойдағыдай жүруде. Қордан берілетін төмен пайызды несие түрлі жеңілдіктерімен біз үшін өте тиімді», - дейді Бақыт Сейілова.

Осы ауылда тұратын жеке кәсіпкер Кеңес Кукиев жылқы шаруашылығымен айналысқанына біраз жыл болған екен. Ол да Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының несиелері жайлы естіп, кәсібін шыңдауды ойлаған екен. Сөйтіп 2014 және 2019 жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» және «Еңбек» бағдарламасы аясында Қордан екі рет несие алады. Жылқы малының басын көбейтіп, бүгінде кәсіпкер биелерін жыл он екі ай сауады. Қысы-жазы жұмыс тоқтамайтын шаруашылықта 3 адам тұрақты жұмыс жасайды.

«Ауылда тұрған соң малдың игілігін көру керек деп есептеймін. Оңай олжа жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Жылқы бағудың да өзіндік қиындықтары бар. Ұқсата білсең, соған орай табысын да көруге болады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан екі рет несие алып, жылқы басын көбейттім, сауын биелерімнің санын арттырдым. Қордан берілетін несие бізге қолайлы, жеңілдіктері бар. Несиемді бір жарым жылда жауып тастауға тырысамын. Күніне 70 литр қымыз сатамыз. Саумал ішуге жиналатын жұрт көп. Табысымыз жақсы», - дейді кәсіпкер.
Шағын несиенің шарапатын көргендер
Фото: ФФПСХ

Солтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығына қолайлы аймақ. Жері кең, шөбі шүйгін, суы мөлдір. Сондықтан болар, Қордан несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде жылқы өсіруді қолға алған шаруалар көп.

«Биыл біздің филиалға «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2,6 млрд теңге қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі таңда оның 1,3 млрд теңгеден астамы игеріліп, 356 жоба қаржыландырылды. Жалпы биыл жыл соңына дейін 563 кәсіпкерге несие беруді жоспарлап отырмыз», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚО филиалының директоры Абылай Нұркенов.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыруда. Биылдың өзінде мыңдаған кәсіпкер жеке бизнесін бастауға және кәсіптерін кеңейтуге несиелерін алып үлгерді.

Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын өзінің несие өнімдері арқылы түрлі бағыттар бойынша қаржыландырады. Оның ішінде мал мен өсімдік шаруашылығын, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бар.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша түрлі мақсаттағы несие 6,5 жылға 6 %-пен беріледі. Оның жылдық тиімді сыйақы мөлшері 6,7 %-тен аспайды. Көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне несие 4 %-пен беріледі, тиімді жылдық сыйақы мөлшері 4,7 %-тен аспайды. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869753-sagyn-nesieni-sarapatyn-krgender/

pixel