Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымжан Мелдешов тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

мелдешов 65412
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Мелдешов тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі қызметте жұмыс істеген: "Түркістан" халықаралық газетінде, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Маңғыстау Медиа" ЖШС-інде басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап 2019 жылғы мамырға дейін мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Еске сала кетейік, жақында Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімовтің Теміртаудың жаңа басшысы болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Жаңа әкімді қалалық мәслихат депуттарына аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырған болатын. Ол жаңа басшыға қаладағы экологиялық және жұмыссыздық мәселелерін шешу, құрылысты ұлғайту және инвестиция тарту міндеттерін қойды.

Ал Теміртаудың бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылған. Аймақ басшысы оған атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1870608-galymzan-meldesov-til-saasaty-komitetini-tragasy-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel