Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чехияның 75 жастағы президенті ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Милош Земан
Фото: inosmi.info

Чехия президенті Милош Земан ауыр дене жарақатымен емханаға түсіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай, мемлекет басшысы кешкі уақытта абайсызда құлап қалып, қолын сындырып алған. Lenta.ru ақпаратына сәйкес, дәрігерлер дереу Земанға отау жасауға кіріскен. Ота ортақ наркозбен жасалуда.

Басылымның жазуынша, Чехия президенті оққағарлардың көмегінсіз креслосынан тұрмақ болған сәтте айналасынан сүйенетін таяғын таппай қалыпты. Ақыры таяғынсыз тұрмақ болған ол құлап кетіп, қолын жарақаттаған.

Әзірге Земанның емханада қанша уақыт ем қабылдайтыны белгісіз. Десе де президенттің кездесулері мен жоспарларына бұл жайттан кейін өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Прага өкілі хабарлады.

Кешкі уақытта президенттің емханаға түскенін білген жұртшылықты президент өкілі Йиржи Овчачек алаңдамауға шақырды. Ол Чехия басшысының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын алға тартты.

Басылымның мәлімдеуінше, 75 жастағы Милош Земан аяқ невропатиясынан ұзақ уақыт емделіп келуде. Сол себепті, ол таяққа сүйеніп жүруге мәжбүр. Одан бөлек мемлекет басшысы диабет дертіне щалдыққан екен.

Айта кетсек, сол арада Дональд Трамп АҚШ президенттігіне ресми кандидат болды. Республикалық партия алдағы сайлауға оны ресми түрде үміткер етіп таңдады. Ал АҚШ-тың демократиялық партиясы бұрынғы вице-президент Джо Байденді ресми түрде президентікке үміткер ретінде ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871108-cehiany-75-zastagy-prezidenti-auruhanaga-tsip-kaldy/