Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды.

"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді.
Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтуі тиіс болған Nur Otan саяси кеңес бюросының отрысы тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы Бауыржан Байбек әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабардар етті. Оның сөзінше, отырыс 28 тамыз күні өтеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, бірінші қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871344-nrsltan-nazarbaevka-zaa-mrtebe-berildi/

pixel