Ресей Нұрсұлтан Назарбаевтың тың ұсынысына пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Ресейде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарусыздану саммитін өткізу туралы ұсынысына назар аударды. Қазақстанның Тұңғыш президенті оған АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақтың басшылары қатысуы керек деген пікірде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі осы ұсынысқа қатысты пікір білдірді деп жазады "Известия".

"Адамзатты ядролық қауіптен арылту" - "Ресейдің сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі" және осы мәселе бойынша Мәскеу үнемі Нұр-Сұлтанмен диалог жүргізеді", - деді ведомство басылым тілшілеріне.

Ресей Федерациясы қарудың осы түріне ие барлық мемлекеттердің қатысуымен ядролық зымыран саласындағы көпжақты келіссөздерді бастау өте маңызды деп санайды. Сыртқы істер министрлігі бұл жұмыс тараптардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.

Айта кетсек, 26 тамызда Елбасы әлем қауымдастығына жүгінді. Ол басқа елдерді Қазақстаннан үлгі алуға және ядролық ессіздікті тоқтату үшін күш біріктіруге шақырды.

"Мен АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың және Еуропалық Одақтың көшбасшылары ғаламшардың ертеңі үшін ерекше жауапкершілік көтереді деп санаймын. Егер саммит осы төртжақты форматта өтетін болса, онда мен оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек деген сенімдемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 28 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өткенін хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872894-resej-nrsltan-nazarbaevty-ty-synysyna-pikir-bildirdi/