Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар бағамы тағы да қымбаттап кетті

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Доллар бағамы теңгеге шаққанда қымбаттауын жалғастыруда. Тәулік ішінде америкалық валюта 0,98 теңгеге, ал бір айда 10 теңгеге қымбаттаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы KASE Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, таңғы сауда-саттық нәтижелері бойынша, 29 қыркүйек күні таңғы уақытта доллар құны 429,4 теңгені құрап отыр.

Осылайша, бір тәулік ішінде доллардың құны 0,98 теңгеге қымбаттаған. NUR.KZ валюталар бағамы парақшасының ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:30-да Алматының банктері мен айырбас нүктелерінде долларды 430 - 434,4 теңгеге сатып алу мүмкін болған. Ал сату құны - 428 - 429,5 теңге. Елорданың банктері мен айырбас нүктелеріндегі көрініс те осындай - долларды сатып алу құны 431,4 - 434 теңге болса, сату құны - 428 - 429,5 теңге.

Қазақстанның үшінші мегаполисі - Шымкентте де айырбас нүктелері долларды 431 - 434 теңгеге сатуда. Ал сатып алу құны - 428 - 429,5 теңге. Еуро да қымбаттап жатқанын айта кету керек. Оның құны 1,53 теңгеге өсіп, 499 теңгені құраған. Айдың ортасында еуро 505 теңгеге дейін күрт қымбаттаған болатын. Ал ресейлік рубль бағамы керісінше 0,06 теңгеге арзандап, 5,4 теңгені құрады.

Еске салсақ, бұған дейін біз ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер ететінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, отандық сарапшы вирус салдарынан елде кедейлер саны 2 млн-нан асатынын айтқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876799-elimizde-dollar-bagamy-tagy-da-kymbattap-ketti/

pixel