Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Жұмағалиев жаңа лауазымды қызметке ие болды

Опубликовано:

жұмағалиев
Фото: qazaqstan.tv

Қазақстан президенті кадрлық өзгерістер жасады. Қазақстанның бұрынғы цифрлық даму министрі жаңа қызметке орналасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Орынбор облысында дүниеге келген.

1989 жылы ол Свердловск Суворов әскери училищесін бітірді, содан кейін Харьков зымыран күштерінің жоғары әскери командалық инженерлік мектебінің түлегі болды.

Сонымен қатар, ол Алматы энергетика институтын, ҚазҰТУ және ҚазГЗУ бітірген. Ол сонымен қатар Ecole Polytechnique Federale de Lozanne электронды басқару магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1996 жылы «Жарық» ЖШС бас директоры болған кезде бастаған. Кезінде ол "Қазақтелекомның", Байланыс министрлігінің және Көлік министрлігінің басшысы болған.

Сонымен қатар, 2017 жылдан 2019 жылға дейін ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Нұрлан Әубәкіровтің орнына Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жақында Бақыт Есімованың Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877137-askar-zmagaliev-zaa-kyzmetke-ornalasty/

pixel