Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте төтенше жағдай енгізілді

Жарияланған күні:

Қырғызстандағы митинг
Фото: politring.com

Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков бүгін, 9 қазанда ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент сайтының хабарлауынша, төтенше жағдай 9 қазан кешкі сағат 20.00-ден бастап 21 қазан таңғы 8-ге дейін енгізілген.

Мұндай шешім жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде туындаған жағдайларға байланысты қабылданған.

Қаланың коменданты ретінде Қырғызстанның ІІМ басшысының орынбасары Оразалиев Алмазбек тағайындалған.

Сондай-ақ, президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін астанада комендатура құруды тапсырған.

Айта кетсек, коменданттық сағат енгізілген соң Бішкекте жаппай жиналыстар, митингтер, ереуілдер, спортық шаралар ұйымдастыруға;

  • азаматтардың өз бетінше жұмыстан шығуына;
  • дипломатиялық қызмет көліктерден басқа шетелдік көліктерді тексеруге рұқсат беріліп, транспорттық көліктердің қозғалысына тыйым салынған.

Сонымен бірге, осы жарлығында Жээнбеков Бас прокуратураға да тапсырма берген.

Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Халықтың наразылығын тудырған сайлау нәтижесі жарамсыз деп танылды.

Қырғызстанның орталық сайлау комитеті 6 қарашада жаңадан сайлау өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланған.

Айта кетсек, Қырғызстандағы ахуалға байланысты Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878841-biskekte-ttense-zagdaj-engizildi/