Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан халқынан кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков. Фото: Nezir Aliyev/Anadolu Agency/Getty Images

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде халқынан кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде Сооронбай Жээнбеков сөз сөйледі. Ол халқынан кешірім сұрап, өзімен жұмыс істегендердің барлығына алғысын айтты деп жазады 24.kg.

"Менің алдымда көптеген тапсырма тұрды. Атап айтсақ, Қырғызстан - Қытай арасындағы темір жол құрылысы. Біз осы бағытты жұмыс істедік, жоба іске аса бастады. Бұл жоба бізге ауадай қажет және мен жобаның соңына дейін іске асқанын қалаймын. Мен халықтан кешірім сұраймын", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Сонымен бірге ол Қырғызстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына үлес қосқан серіктес елдердің үкіметіне алғысын айтты. Жээнбеков Ресейдің, АҚШ, Ұлыбритания мен түркі тілдес елдердің қолдауын атап өтті.

Бұрынғы президенттің сөзінше, ол елді құқықтық қалыпқа келтіру үшін бар күш-жігерін салған.

"Мен елді құқықтық қалыпқа келтіріп, жағдайды тұрақтандыру үшін барымды салдым. Әрқашан ашық болған БАҚ пен азаматтық қоғамның рөлін атап өткім келеді. Осы күндері елдегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан ел азаматтарына алғыс айтамын", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Еске сала кетсек, 15 қазанда Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879959-sooronbaj-zeenbekov-kyrgyzstan-halkynan-kesirim-srady/