Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды. Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.
Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.
Соңында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдейтініне және кеңейе түсетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы мен "Birgemiz" қорына әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден қосымша көмек беру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты не себепті президент ретінде таңдағанын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880159-elbasy-abu-dabidi-tak-mragerimen-telefon-arkyly-sjlesti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.