Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі заңгер Бораттың әрекетін елімізге қарсы шабуыл деп бағалады

Опубликовано:

Кәмшат Ешмұхамбетқызы ұлттық киімде
Фото: Facebook

Белгілі заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы Бораттың іс-әрекетін мемлекетімізге қарсы шабуыл деп бағалады. Заңгер нота жолдау арқылы бассыздыққа қарсылық білдіруді және сол адамдарды жауапкершілікке тартуды Сыртқы істер министрлігінен талап етеді. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәлімдеді.

Желіде тарап кеткен Аустралиядағы жалаңаш жігіттердің Қазақстанның туымен флешмоб өткізуі Камиша Есмұхамбетқызының намысына тиген.

«Мен үшін бұл видео жиіркенішті, кеудеме қанжар сұққандай намысыма тиіп отыр. Видеодағы әрекетті қазақ елін қорлау деп түсінемін. Кім көрінген құқығымызды таптауға дайын тұрғандығы ашындырады. Гей-сымақ Бораттың әрекеті елдің абыройына үлкен нұқсан келтіреді. Қотыр Бораттардың арқасында еліміздің әлемге танылғаны мен үшін абыройдан айырылғандық. Біз әлемге Димаш сияқты таланттар арқылы, небір спортшылар арқылы танылып келеміз. Қайдағы бір Бораттың іс-әрекетін мен біздің мемлекетімізге қарсы шабуыл, елдігімізге сол қолсұғушылық деп бағалаймын. Көз жұма қарайық десек, бұгін қотыр Борат, ертең соқыр Бораттар көбейіп кетеді. Ұлттық имиджімізді сақтап қалу үшін біз мінезімізді танытуымыз керек. Қазақ үндемес халық емес», - деп күйінеді заңгер.

Заңгер бұл мәселені шешетін ресми орган Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үнсіздігіне қайран қалып отыр. Кәмшат Есмұхамбетқызы ведомстволардан ресми жауап беруді талап етіп, хат жолдайтынын айтты.

Заң саласының маманы егер мемлекеттік рәміздерді аяқ асты ету жағдайы елімізде орын алғанда азаматтардың қандай жауапкершілікке тартылатынын талдап берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 372 бабында Мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы нақты жазылған. Туды өзінің арам пиғылы үшін пайдаланатын болса, ол рәмізді қорлау болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының туын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасын заңсыз пайдаланса, мемлекеттік әнұранның орындау тәртібін бұзса Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458 бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынады.

«Егер Саша Барон Коеннің әрекеті Қазақстанда орын алғанда оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын еді», - дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881168-belgili-zager-boratty-reketin-elimizge-karsy-sabuyl-dep-bagalady/

pixel