Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия: Қазақстан бюджеті 1 трлн теңгеден астам ақшадан қағылуы мүмкін

Опубликовано:

бюджет ақша
Көрнекі фото: zakon.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы ОКҚ өткен онлайн брифингте коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шаралар аясында ел бюджеті қанша ақшадан қағылғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, 9 айдағы бюджет шығыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1 триллион 100 миллиард теңгені құрайды.

Оның дерегінше, шағын және орта бизнеске жеңілдіктер, кейінге қалдыру және қолдаудың басқа түрлері бойынша 1,5 трлн теңгеге қолдау көрсетілген.

Одан бөлек, кәсіпкерлерден салық түрінде қазынаға түсуге тиісті тағы 300 миллиард теңге бюджетке түспей қалған.

Маманның айтуынша, осыған қарамастан пандемия кезіне бизнесті қолдау азаймаған.

Комитет басшысы мұнай мен металдар бағасының төмендеуіне байланысты тау-кен өнеркәсібінен бюджетке түсетін түсімдер 44% -ға төмендегенін атап өтті.

"Мұнай операциялары бюджетке көбірек әсер етеді. Ірі бизнеске келетін болсақ, экономиканың салалары бойынша, мұнай бойынша - бізде 36%, металдар бойынша - 10%-ға төмендеу бар. Осыған байланысты табыстың төмендеуі бізде 44% немесе 1 трлн 644 млрд теңге", - деді спикер.

Үшінші елдермен тауар айналымы да жыл басынан бері 13,2% төмендеген.

Сонымен бірге, бюджетке түсетін түсімдердің өңдеу өнеркәсібінен - 9%-ға, көлік секторынан - 6%-ға және құрылыстан - 4,3%-ға өсуі байқалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Марат Сұлтанғазиев тойдан табыс табатын әншілер мен асабаларға не себепті салық салынбайтынын айтып берген еді.

Айта кетсек, елімізде ажырасқаны үшін төленетін баж салығы көбейтілуі мүмкін. Мұндай бастаманы Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881717-pandemia-kazakstan-budzeti-1-trln-tegeden-astam-aksadan-kagyluy-mmkin/

pixel