Тәуелсіздікке 30 жыл: Президент сотталған азаматтарға рақымшылық жасамақ
Жарияланған күні:
Қасыым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиын барысында биылғы жылдың 9 айында ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындысы мен президент тапсырмасының орындалу барысы қаралған деп хабарлайды Ақорда.
Алқа мәжілісінде сөйлеген президент келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, заңға сәйкес азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстары үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатындығын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, коронавирусқа қарсы отандық вакцина клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.
Сондай-ақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновты қабылдаған болатын.
Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты да қабылдады.
Мемлекет басшысына еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы және биылғы 9 айдың ішінде министрлік атқарған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сапархан Омаровқа қайта өңделген өнім экспортын арттыруға, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін жоғарылатуға, еліміздің шаруалары өндірген тауарлар үшін жаңадан өткізу нарықтарын ашуға және ветеринария саласындағы бақылауды күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882141-tokaev-sottalgandarga-zasalatyn-rakymsylyk-turaly-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.