Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: Sputnik / Екатерина Чеснокова

Жақында Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-мен бірлесе отырып, басқарманың бұрынғы мүшесі - "БТА Банкі" АҚ бұрынғы басқарма мүшесі – Басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты Грузиядан экстрадициялады деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сайты.

Ол Мұхтар Әбілязовтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп 249 млрд теңгеден астам соманы құрайтын "БТА Банкінің" активтерін ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузия ІІМ қолға түсірді.

Бүгінде Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалған.

Еске салсақ, бұған дейін біз БТА Банкінің қаражатын Әблязов қайда жұмсағанын жазған едік. Тергеу нәтижелері бойынша Мұхтар Әблязов БТА банктің ақшасына сатып алды делінген ұшақтар қайда кеткені белгілі болған.

Одан бөлек Парижде қамауға алынған Әблязов екі тәуліктен кейін еркіндікке шыққанын жазған болатынбыз. Банкирдің сөзіне сенсек, 5 қазан күні Парижде оны қамауға алған. Әблязов екі тәулік бойы қамауда болып, артынша бостандыққа шыға алыпты. Ол бұл сөздеріне дәлел ретінде суреттерін де жүктеген екен. Банкир жазбасында ұлы және қызымен бірге түскен фотоны жариялайды.

Сонымен қатар, Әблязов БТА Банкіндегі ұрлық ісі бойынша 9 қылмыс жасады деп айыпталғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882303-mhtar-blazovti-sybajlasy-gruziadan-ekstradicialandy/

pixel