Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы елімізде мүгедектігі бар 15 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан

Жарияланған күні:

Мүгедек
Фото: Pixabay.com

2020 жылы жұмыспен қамтуды қолдау шаралары 15,4 мың мүгедектігі бар тұлғаны қамтыды, олардың көпшілігі - 11,4 мың адам – жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, микрокредиттер мен мемлекеттік гранттар қарастырылған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көмек алды.

«2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 15,4 мың мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтуды қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 11,4 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдауды иеленді», - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4000 мүгедектігі бар тұлға тұрақты жұмыс орындарына, 6000-нан астамы уақытша жұмыс орындарына орналастырылып, 448 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтады немесе қазір өтіп жатыр. 284-і болса, шағын несие алып, 700-і өз ісін бастау үшін мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 504 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға жіберілді.

Сонымен қатар, 2020 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖҚЖК) аясында, 2,2 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылған.

«ЖҚЖК ауқымындағы жобалар әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарды жөндеу мен қайта құрылымдауды, инженерлік-көлік инфрақұрылымын салуды және елдімекендерді абаттандыруды көздейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар мұндай жұмыстарға, тек қатаң медициналық қорытындыларға сәйкес жіберіледі», - деп атап өтті бастығы ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы Бақыт Қашырбеков.

Министрліктің мәліметінше, тағы 1,8 мың, адам мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы шеңберінде жұмысқа орналасты. Квота зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын қоспағанда, кәсіпорындар мен ұйымдардағы штаттық жұмыс орындарының санының 2-4% шегінде белгіленеді.

2018 жылдан бастап Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын жабдықтайтын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізілді. Биыл субсидияларды ескере отырып, көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар тұлғалар үшін 31 арнайы жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қазан айында ЕХӘҚМ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Мамандықтар атласын әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс берушілерге, жұмыспен қамту орталықтарына және жеке HR-агенттіктерге мүгедектік түріне байланысты қолайлы жұмыс орындарын таңдауға және Электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындарын іздеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 705,5 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 430,4 мыңы (61%) – еңбекке қабілетті жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882369-2020-zyly-elimizde-mgedektigi-bar-15-mynan-asa-adam-zmyska-ornalaskan/