Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудный әкімі айлық табысы мен қайда тұратынын айтты

Опубликовано:

Қуандық Испергенов
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рудный әкімі Қуандық Испергенов жалақы мөлшері мен тұрғылықты жері туралы сұраған жергілікті тұрғындарға жауап беріп, желіде жазба жариялады. Шенеунік сонымен қатар қаладағы қоқыс мәселесіне де назар аударған. Бұл туралы Испергенов өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Қуандық Испергенов әкім қызметіне тағайындалғаннан кейін оған қала тұрғындарынан хабарламалар келе бастағанын атап өтті.

"Менің жекеме көптеген хат келіп түсуде. Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шы шағын ауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар әкім өз жазбасында қала тазалығына ерекше назар аудару керектігін алға тартты.

"Бірақ бүгін мен сіздермен тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы сөйлескім келіп отыр. Көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін. Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктері бос, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таң қаламын. Әрине, кез келген мекемені кінәлау оңай, бірақ менің ойымша, әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек.

Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда оны сіз үйде үйретіңіз. Мен ешқандай жағдайда қызмет көрсететін мекемелерден, әкімдіктен, ПИК-тен және т.б. жауапкершілікті алып тастамаймын, бірақ жосықсыз азаматтарды жауапкершілікке тартқым келеді. Себебі, сіздер өздеріңіз жиі жазатындай, тазалық қоқыстан тазаланған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде", - дейді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып қазан айының басында тағайындалған болатын.

Қыркүйек айының соңында Рудный қаласының экс-әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бұрынғы әкім қоластындағы қызметкерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882547-rudnyjdy-kimi-kansa-tabatynyn-zne-kajda-tratynyn-ajtyp-berdi/

pixel