Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

Опубликовано:

Талғат Қойбақов
Талғат Қойбақов. Фото: Мod.gov.kz

Президенттің өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бұған дейін бұл қызметті атқарған Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Ал Талғат Қойбақовқа келсек, ол 1963 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Тапа елді мекенінде дүниеге келген.

1985 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған.

2002 жылы қарулы күштерінің әскери академиясын және 2011 жылы РФ ҚК БШ әскери академиясын аяқтаған.

Офицерлік қызметін Оңтүстік әскерлер тобында взвод командирі лауазымынан бастаған.

1989 жылдың шілдесінен 1992 жылдың маусымына дейін Түркістан әскери округінде взвод командирі. 1992 жылғы маусымнан 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Республикалық гвардияда түрлі офицерлік лауазымдық қызметте болды.

2000 жылғы желтоқсаннан 2001 жылғы қаңтарға дейін – мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары;

2001 жылғы қаңтардан 2002 жылғы қарашаға дейін – жеке гвардиялық шабуылдаушы-десанттық бригаданың командирі;

2002 жылғы қарашадан 2005 жылғы тамызға дейін – мотоатқыштар дивизиясының командирі;

2005 жылғы тамыздан 2006 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының орынбасары;

2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы қыркүйекке дейін – "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы;

2007 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы қарашаға дейін – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы;

2007 жылғы қарашадан 2009 жылғы шілдеге дейін - "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы;

2009 жылғы шілдеден 2011 жылғы шілдеге дейін – РФ ҚК БШ Әскери академиясының тыңдаушысы;

2011 жылғы шілдеден 2012 жылғы ақпанға дейін – ҚР ҚМ ШБК Жауынгерлік даярлық және әскери қызмет департаментінің бастығы;

2012 жылдың ақпанынан 2016 жылға дейін – Қазақстан президентінің өкімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы;

2016 жылғы 6 маусымнан бастап – Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары - қарулы күштері құрлық әскерлері бас қолбасшысы кеңсесінің жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы; 2017 жылдан бастап жаңа қызметіне дейін құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болған.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдап, бірқатар тапсырма берген еді.

Оған қоса, 16 қазан да Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883299-kojbakov-karuly-ksteri-krlyk-skerlerini-bas-kolbassysy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel