Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перуашев Біртановқа жеке кепілгерлік беретіні туралы құжатты сотқа жолдады

Опубликовано:

Азат Перуашев сидит за столом
Азат Перуашев. Фото: Akzhol.kz

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев экс-денсаулық министрі Елжан Біртановқа жеке кепілгерлік беретіні туралы құжатты Нұр-Сұлтан қаласының сотына жолдады хабарлайды zakon.kz.

"Мен Е.А.Біртановты көпжылдық тәжірибесі бар, білікті, лайықты беделге ие, мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін орденмен және медальмен марапатталған дәрігер, мемлекет қайраткері және тәжірибелі көшбасшы ретінде жақсы білемін. Оның бес баласы бар, оның ішінде үшеуі кәмелетке толмаған.

Ол медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі, "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Е.А.Біртанов Нұр-Сұлтанда әйелі және кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұрады. Мен күдікті Біртанов Елжан Амантайұлының дұрыс әрекет ететініне және оның қылмыстық процесті жүргізетін орган шақырған кезде келетініне нақты кепілдік беремін.

Оған қарсы келтірілген күдіктердің мәні және кепілдік беруші ретіндегі менің жауапкершілігім тұрғысынан хабардармын", - деп жазды Азат Перуашев сотқа жолдаған құжатында.

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Кейін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті.

Қазақстандағы танымал дәрігерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әлеуметтік желіде Елжан Біртановты қолдау акциясын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883362-peruasev-birtanovka-zeke-kepilgerlik-beretini-turaly-kzatty-sotka-zoldady/

pixel